Фото: ru.freepik.com
Дәрігер Станислав Ионов «Известия»-ға кондиционер астында ұйықтаудың қаупі жайлы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Кондиционер астында ұйықтайтын адамдарда ауырып қалу қаупі бар. Бұл немен байланысты? Адам денесінің температурасы тәулік бойы циркадты ырғақтармен, «күн-түн» биологиялық ырғақтарымен реттеледі. Оған қоса, күндіз ол бұлшықет және ақыл-ой жүктемесінің есебінен жоғары болады. Ал ұйқы кезінде ол шамамен бір градусқа түседі. Егер бөлмедегі ауа температурасын +15, +17, тіпті, +19 градусқа дейін салқындаса, жылу беру күшейеді. Дене температурасы қосымша түседі. Ал ол салқын тиюге және басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Адам таңертең тұрғанда жөтеліп және мұрны бітеліп тұруы мүмкін», – дейді ол.
Профессордың айтуынша, ауырып қалмас үшін кондиционер баптауын дұрыстап реттеу керек.
«Ғимарат ішіндегі қолайлы температура – +20…+22 градус. Кондиционерді осылай қою керек. Бұл жағынан вентилятор қауіпсіздеу. Себебі ол ауа температурасын түсірмейді, ауа ағынын түрлендіру арқылы денені суытады», – дейді Ионов.
Тұмауратып қалуға әкелетін тағы бір қателік – кондиионерлерді кереуеттің айналасына (үстіне немесе қарама-қарсы) ораналстыру.
«Олай жасамаңыз, себебі ауаның тіке ағыны жылу беруді арттырады және суық тиюге әкелуі мүмкін. Жатын бөлмедегі кондиционерді кереуеттен алыс қойған жөн», – дейді маман.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!