Еуроодақта коронавирустан вакцинациялау туралы бірыңғай сертификат бекітуге ниетті. Бұл әуелі тек медициналық құжат болмақ. Бұл нені білдіреді және ол шенген визасын алу үшін міндетті ме? Бұл туралы dw.com басылымында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуроодақта SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакциналау туралы бірыңғай сертификат енгізуге келісті. Бұл туралы Еуроодаққа мүше мемлекеттер мен үкімет басшылары бейнеконференциясының қорытындысы кезінде Еурокеңес басшысы Шарль Мишель мәлім етті.Екпе жасатқан адамның төлқұжаты – туризм үшін арнайы шарт па?Бүкіл Еуроодақ үшін вакциналау туралы бірыңғай сертификатты Грекия елінің премьер-министрі Кириакғос Мицотакис ұсынған. Оның үкіметі осындай құжаттың формасын даярлап та үлгерген. Ол Еуроодақ басшысы Урсула фон Ляйенге жазған хатында «Вакциналауды міндетті етпей, оны сапарлар үшін міндетті талап етпесек те, коронавирусқа қарсы салынған екпені «кейінге қалдыруға болмайтын міндет» деп атады.

Грекияны Еуроодақтың туризмге тәуелді басқа елдері: Испания, Португалия, Мальта бірауыздан қолдады.

19 қаңтарда Еурокомиссия ЕО елдерімен вакциналау туралы сертификатты даярлау жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.ЕО елдерінің көшбасшылары виртуалды саммитте «медициналық мақсаттар үшін вакциналауды» растайтын стандартталған және жалпы форманы даярлайтыны туралы келісті, деп атап өтті Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель.

«Ал келесі кезеңдерде бұл сертификаттардың басқа мақсаттар үшін қолданыла ала ма, жоқ па және қандай жағдайда екенін көретін боламыз», – деп қосты ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!