Жапония Токио қаласы мен көршілес үш префектурада төтенше жағдай режимін қайта енгізуді жоспарлап отыр. Бұл – ел үкіметінің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қойған тағы бір шектеуі. ҚазАқпараттың KYODO NEWS-ке сілтеме жасап жазуынша, соңғы аптада тіркелген шамамен үш мың оқиғаның жартысы Токио қаласында орын алған. Премьер-министр Ёсихидэ Суга Но Шуга жаңа жылдық баспасөз конференциясында осы жолы қоғамдық және экономикалық қызметтің барлық жерде тоқтатылатыны екіталай екенін мәлімдеп, төтенше жағдайды «шектеулі және мақсатты» енгізу керек екенін қосып өтті. «Біз төтенше жағдай туралы хабардың шығарылуын қарастырамыз. Жаңа коронавирус жұқтырған адамдар саны азайған жоқ, бірақ Токио мен көршілес үш префектурада жоғары болып қалып отыр», – деді Суга премьер-министр кеңсесінде.
turkystan.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!