Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген жаңа түрі Нидерланд, Дания және Австралияда тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Мамандар жаңа вирустың тез тарайтынын қайталағанмен оның аса қауіптілігі жайында айту әлі ерте деп отыр. Және оның вакцинаға өзгеше әрекет ететінін көрсететін ешқандай дәлел жоқ дейді.

Нидерланд Еуроодақтың өзге елдерімен бірігіп, жаңа вирустың таралу мәселесін талқыламақ.

Еске сала кетейік, желтоқсанның 14-і күні Ұлыбритания билігі коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелгенін мәлімдеді. Еуропаның бірнеше мемлекеті корольдікпен әуе байланысын тоқтатты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!