Ауа райы салқындап, күн суытқанда ауа райының құбылуы, күн сәулесінің азаюы және суық тиюдің жиілеуі ағзаға салмақ түсіреді. Дәрігерлер дәл осы кезеңде иммунитетті қолдау ерекше маңызды екенін айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv-ге сілтеме жасап.
Дұрыс тамақтану
Иммунитеттің негізі – құнарлы тағам.
С дәрумені: цитрус, киви, брокколи, итмұрын.
D дәрумені: майлы балық, жұмыртқа, сүт өнімдері.
Мырыш: жаңғақ, теңіз өнімдері, тұқымдар.
Антиоксиданттар: жидек, шпинат, жасыл шай.
Ішек денсаулығы үшін: талшыққа бай көкөніс пен жемістер.
Физикалық белсенділік
Жаяу жүру, йога, жүзу сияқты қалыпты жаттығулар қан айналымын жақсартып, ағзаның инфекцияға қарсы тұру қабілетін күшейтеді.
Толыққанды ұйқы
Ересектерге тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау ұсынылады. Ұйқы режимін сақтау – иммунитеттің негізгі шарттарының бірі.
Стресті басқару
Созылмалы стресс иммундық жүйені әлсіретеді. Медитация, тыныс алу жаттығулары немесе таза ауада серуендеу жүйке кернеуін азайтады.
Ауаны ылғалдандыру
Құрғақ ауа тыныс алу жолдарын әлсіретеді. Бөлмеге ылғалдандырғыш қою, көбірек су ішу және мұрынды тұзды ерітіндімен шаю пайдалы.
Дәрумендер
Күзде витамин тапшылығын толтыру үшін дәрігердің кеңесімен дәрумендік кешен қабылдауға болады. Әсіресе, D дәруменіне назар аударған жөн.
Гигиена
Қолды жиі жуу, дезинфекциялау құралын пайдалану, адам көп жиналған жерде бетперде тағу – маусымдық вирустардан қорғанудың қарапайым әрі тиімді жолы.
Тұмауға қарсы екпе
Вакцинация иммундық жүйені күшейтіп, тұмаудың асқынуынан қорғайды. Әсіресе, қарт адамдарға, балаларға және созылмалы ауруы бар науқастарға екпе алу маңызды.
Дәрігер кеңесі: қарапайым сақтық шараларын ұстану арқылы иммунитетті нығайтып, маусымдық аурулардың алдын алуға болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
