Фото: Көрнекі сурет

Жыл мезгілдері ауысқан сайын жаңа климаттық өзгерістерге адам ағзасы да, сырт келбеті де дайын болғаны абзал. Әсіресе қыздар үшін бет күтімі аса маңызды аспектілердің бірі. Косметолог маман күз мезгілінде қандай күтім түрлері керектігін тізіп берді. Толығырақ Massaget.kz тілшісінің материалында айтылады.

Күннен қорғану
Қыркүйек және қазан айлары жылулық сыйлап, жазғы күннің шуағымен ұзаққа дейін еркелетуі мүмкін. Сондықтан ащы күннің сәулесінен ерте қоштаспағанымыз абзал. Жаз бітті деп күннен қорғайтын кремді тығып тастамаңыз. Ол сізге әлі де қажет болады. СПФ кремін күзгі шуақты күндерде де жағып жүруді ұмытпаңыз.

Базалық тазарту

Тері күтімінің бұл кезеңі бұл барлық қыздарға таныс. Бірақ күз жаз сияқты қатты ыстық болмағандықтан, теріңізді аса нәзік қалыпта, жұмсақ түрде тазарту керек. Күзде көптеген адамдар құрғақтыққа байланысты қабыршақтану проблемасына тап болады, сондықтан лосьонды сүтпен алмастырған дұрыс.

Тереңінен ылғалдандыру

Жеңіл құрылымы бар жазғы кремдер өзектілігін жоғалтатындықтан, оларды неғұрлым тығыз және қоректік нұсқалармен ауыстыру керек. Күзде тері тым құрғақ күйге түсіп ылғалды бұрынғыдан да көп қажет етеді. Сондай-ақ тағы бір кеңес: күндізгі кремде күннен қорғайтын әсер болуы керек. Бұл екі есе пайдасын береді.

Күзгі маскалар

Күзгі маскаларды дайындау үшін дәрумендері бар тағамдық өнімдерді пайдалансаңыз да болады: кілегей, қаймақ, сарыуыз, бал сынды өнімдерді қолданып көріңіз.

Қауіпсіз пилинг

Терінің жоғарғы, өлі қабаттарын алып тастау – жүйелі түрде жүретін күзгі рәсім. Үй жағдайында жеміс пилингтерін жасауды ұсынамыз. Жеміс пилингі (табиғи қышқылдар негізінде) тері өңін тегістейді, оның құрылымын және жалпы жағдайын жақсартады. Дәрігерлер терең пилинг жасауды қарашаға жақын уақытта жасауды ұсынады. Осы уақытта күн сәулесінің мөлшері айтарлықтай азаяды және бет терісін жақсартудың заманауи әдістерін бастауға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!