Жыл басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан 646 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

МӘМС: 646 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Биылғы жылдың 11 айында әртүрлі кері байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 646 мыңнан астам өтініш келіп түсті, ең белсенді Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары болды. Өтініш білдіру себептерінің арасында: МӘМС мәртебесін алу, дәрілік заттардың болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен стационарларда медициналық көмек көрсету сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, емдеуге жатқызудан бас тарту және т. б.

Өтініштердің басым бөлігі немесе 618 мыңы консультациялық сипатқа ие, 7314 – шағым, 2816 – медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге алғыс, 229 – жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналары арасында жасырын көшбасшы позициясын 1406 байланыс орталығы иеленді, ол жыл басынан бері 563 мыңнан астам қоңырау қабылдады. Операторларға ең үлкен жүктеме жазғы кезеңде болды. Сонымен қатар, абоненттердің сұрақтары эпидемиологиялық жағдайда медициналық көмек алуға ғана қатысты емес, өтініш берушілер азық-түлік сатып алуға қаражаттың жоқтығына, жеке өміріндегі мәселелерге шағымданған жағдайлар болды.

Бұдан әрі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жыл басынан бері азаматтардан 72 мыңнан астам месседж тіркелген. @SaqtandyryBot телеграмм-бот арқылы 2489 өтініш келіп түсті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі жыл басынан бері ӘМСҚ келіп түскен халықтан ең өзекті мәселелерді жинады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!