Ағымдағы жылдың маусым айында медициналық көмек алу бойынша сұрақтарға жауап беріп келген 1406 – 1414 байланыс орталығына берілді. Бұл шара не бергенін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде айты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ең алдымен пациенттердің құқығын қорғайды. Медициналық көмек алу кезінде даулы жағдайлар туындаған немесе оны ұсынудан бас тартқан жағдайда Пациентті қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады, ол әрбір медициналық ұйымда болуға тиіс. Егер жағдайды жергілікті жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ресми өтініш жасау ұсынылады.
«Қор халықпен кері байланыс арналарын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың маусым айында Бірыңғай байланыс орталығының (1406) қызметін қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 1414 Бірыңғай байланыс орталығына аутсорсингке берілді», – деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.
1414-ке көшу кезінде жеке және заңды тұлғаларды тәулік бойы консультациялық сүйемелдеу қамтамасыз етілді.
«Жауаптың орташа күту уақыты 10 есе – 5 минуттан 28 секундқа дейін қысқарды. Бұл ретте жауап берілген қоңыраулардың үлесі 16%-ға, ал қабылданбаған қоңыраулардың үлесі 57%-дан 5%-ға дейін төмендеді», – деді ӘМСҚ өкілі.
Естеріңізге сала кетейік:
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- fms.kz ресми сайты
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
- 1414 байланыс орталығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми байланыс арналары болып табылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!