Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған 2,4 млн адамның 1,5 миллионында актив пен табыс бар. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Оның айтуынша, шынымен де осал топтағы азаматтарды өзі сақтандырады.

«Бүгінде мемлекет халықтың 15 санаты үшін сақтандыру жарналарын төлейді, оларға балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздар және басқа да санаттағы азаматтар кіреды. Ал, сақтандырылмаған 2,4 млн адамның шамамен 1,5 миллионы Еңбек министрлігінің «А» және «В» санатына жатады. Яғни, сақтандырылмаған азаматтардың 60 % астамы ұзақ мерзімді активтері және жеткілікті табысы бар халық», – деп хабарлады Әлназарова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!