Қызылорда облысының Шиелі ауданында 10 мыңға жуық адам жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауырады. Олардың қатарында 70 жастағы тұрғын Жаңабай Қоңырбаев та бар. 10 жыл бұрын ол облыстық кардиологиялық орталықта аортокоронарлық шунттау бойынша ота жасатқан. Жақында жүректе ауырсыну, ентігу мазалай бастады. Ауданаралық ауруханада науқас тексеруден өтеді, оның ішінде Холтер бойынша жүрек ырғағының тәүліктік мониторингі.
«Жақында кеуде аймағындағы ауырсыну мазалай бастады. Себептерің анықтау үшін Холтер бойынша жүрек ырғағының тәүліктік мониторингің жүргізеді. Егер өзгерістер болса, облыстық кардиохирургия орталығына жіберіледі. Мен зейнеткермін, МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын, диагностика, емдеу, дәрі-дәрмектерді тегін алуға құқығым бар. Қымбат тұратын медициналық қызметтердің халыққа қолжетімді болғанына қуаныштымын», – деп атап өтті Жаңабай Қоңырбаев.
Портативті құрылғының өнертабысы Норман Холтерге тиесілі – жүрек мониторингі үздіксіз бақылау әдісі ретінде биофизик ауруларды дәлірек анықтау қажеттілігіне байланысты жасалған.
«Холтер бойынша ЭКГ- бұл көрсеткіштерге сәйкес жүрек соғу жиілігін бір тәулекке немесе одан да көп уақытқа үздіксіз жазу. Жүрек ауруларының мұндай диагнозы кез-келген жүктеменің әсерінен оның қызметіндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты диагностиканың заманауи әдістерінің арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау артты. Тиісінше, халық арасында мүгедектік төмендеуде», – деп атап өтті кардиолог-дәрігер Нұргүл Әбдірова.
Ағымдағы жылдың 11 айында Шиелі ауданаралық ауруханасында 550 мыңнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!