Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындаған сирек кездесетін вирустық зоонозды дерт. Маймыл шешек вирусына табиғи шешек вирусы (шешек тудыратын) және сиыр шешек вирусы кіреді. Адамдар арасында бұл сырқаттың алғашқы жағдайы 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында шешекті жою бойынша қарқынды іс-қимыл кезінде тіркелді. Шешек маймылдарымен эндемикалық елдер: Бенин, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Габон, Гана (тек жануарларда анықталады), Кот-д’ Ивуар, Либерия, Нигерия, Конго Республикасы, Сьерра-Леоне және Оңтүстік Судан.
Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер. Инфекция жұқтырған адамның қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен, сондай-ақ ауру жануардың етін қолдану арқылы да пайда болуы мүмкін. Маймыл шешек вирусының таралуы адам вируспен жануардан, адамнан немесе вирус жұқтырған материалдардан байланысқан кезде пайда болады. Вирус ағзаға зақымдалған тері (тіпті көрінбесе де), тыныс алу жолдары немесе шырышты қабаттар (көз, мұрын немесе ауыз) арқылы енеді.
Жануардан адамға өту тістеу немесе тырналу, жабайы жануарлардың етін дайындау, биологиялық сұйықтықтармен немесе ластанған материалмен тікелей байланыста болуы мүмкін. Мысалы, ластанған қоқыс арқылы. Вирустың адамнан адамға берілуі негізінен ауа тамшыларымен жүреді деп саналады. Адамнан адамға ауысудың басқа тәсілдеріне биологиялық сұйықтықтармен немесе ластанған материалдармен, мысалы, ластанған киім немесе төсек-орын арқылы тікелей байланыс жатады.
Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін. Жұқтырған адамда вирус жоғары қызба, дененің ауыруы, әлсіздік, папулярлы бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, айналуы арқылы сипатталады.
Маймыл шешек вирусын жұқтырудың алдын алу үшін бірқатар шаралар қолданылуы керек:
Вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін жануарлармен (ауру жануарларды немесе мәйіттері маймыл шешегінің таралу аймағында табылған жануарларды қоса) жанасудан аулақ болу керек. Ауру жануар байланыста болған қоқыс сияқты кез-келген материалдармен жанасудан сақ болыңыз. Вирусқа шалдыққан науқастарды жұқтыру қаупі бар басқа адамдардан оқшаулаңыз. Жұқтырған жануарлармен немесе адамдармен байланысқаннан кейін қол гигиенасын сақтаңыз. Мәселен, қолыңызды сабынмен және сумен жуыңыз немесе алкоголь негізіндегі қолды тазартқышты қолданыңыз. Науқастарға күтім жасау кезінде де жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қолданыңыз.
Шет елдерге шығатындарға арналған ұсынымдар:
– маймыл шешегі тіркелген елдерге барудан аулақ болыңыз;
– шет елдерге шыққан жағдайда жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланысты болдырмау;
– стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпегеніңіз абзал;
– тамаққа тек термикалық өңделген етті (өнімдерді) мұқият пайдалану;
– адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтық, маскалар, дезқұралдар) пайдаланыңыз;
– Егер сапардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде кезде өзіңізді нашар сезініп, қызба, бөртпені байқасаңыз (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезсеңіз – шетелде болғаныңызды міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу жүгініңіз.
Алима АБДУШУКУРОВА,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!