Фото: Pixabay.com
ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Bavarian Nordic A/S өндірушісінің MVA-BN вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігінен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы препарат ретінде тіркелді.
ДДҰ мәліметінше, MVA-BN екпесі 18 жастан асқан адамдарға араға төрт апта сала отырып екі рет егіледі. ДДҰ MVA-BN бір реттік дозасы маймыл шешегінен қорғауда 76 пайыз тиімді, ал екі дозасы 82 пайыз тиімді деп бағалаған.
Соңғы деректер бойынша, Африкада маймыл шешегіне шалдыққандар саны 22,8 мыңға жетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!