Эндокринолог Мария Калошина ұйықтағанға дейін екі-үш сағаттан кешіктірмей кешкі ас ішу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маман теледидар алдында тамақ ішпеуге шақырды.

«Теледидар көріп отырып кешкі ас ішпеңіз. Бұл мидың қанықтылық сигналын жоғалту қаупін тудырады», – деді Калошина.

Сондай-ақ дәрігер кешкі асқа майы аз тағамдарды тұтынуға кеңес берді.

“Кешкі асқа сүзбе, теңіз балығы, ақ ет және көкөністер, гарнир ретінде қатты бидайдан жасалған жарма немесе макарон өнімдерін тұтынған жөн”, – дейді маман.

Маман тағамды қыздырып пісіру, қайнату немесе бумен пісірген жөн екенін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!