Қазақстан Республикасы халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 08 ақпандағы «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» №2 Қаулысы қабылданды. Аталған Қаулыға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттеріне медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, сондай-ақ халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұдан бөлек, халықтың көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі)
медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным
берілді.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!