Фото: Pixabay.com
Жаңа жыл мерекелері кезінде көптеген адамдар іштің кебуінен зардап шегіп жатады. Бұл қатерлі ісік сияқты ауыр аурулардың белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іштің кебуі тек артық тамақтанудың белгісі емес, кейде бұл – қатерлі ісік сияқты қауіпті аурулардың белгісі. Дәрігер Дональд Грант The Sun басылымына қашан алаңдау керегін түсіндірді.
«Әйелдерде бұл симптом көбінесе аналық без қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін, бірақ ол тағамға төзбеушілікті немесе ісіктердің болуын да көрсетуі мүмкін», – деді сарапшы.
Сондай-ақ маман іштің кебуі кейде дивертикулит немесе Крон ауруын көрсетуі мүмкін екенін атап өтеді. Дегенмен бұл жағдай екі-үш аптаға созылған жағдайда ғана алаңдаушылық тудыруы керек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!