Фото: centrosad.ru
Halyq Uni. Диетологтар шиенің денсаулыққа пайдасы туралы айтты, деп хабарлады «Чемпионат».
Диетолог әрі нутрициолог Шелли Баллстың айтуынша, шие жидегі – С дәрумені мен калийге бай. Бұл ағзаға қажетті қоректік заттардың күнделікті нормасының 10%-дан астамын қамтиды. С витамині иммунитетті сақтауда маңызды рөл атқарады, ал калий бұлшықет, қан айналымы және жүйке жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Кардиолог-диетолог Мишель Рутенштейн шиеде қабынуды азайтып, жасушалардың зақымдалуымен күресу арқылы жүректің жалпы жұмысын жақсартатын антиоксиданттар көп екенін атап өтті.
Әдетте, шиенің түсі неғұрлым қошқыл болса, соғұрлым олардың құрамында полифенол мен антиоксидант көп болады.
Жидек ұйқыны жақсартуға көмектесетін мелатонинге де бай. Онда ас қорыту жүйесі мен ішек микробиомасын реттейтін жасұнық мол. Сондай-ақ қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі және тамақтанғаннан кейін тоқтық сезімін күшейтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!