Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, Мұнайлы ауданына облыстық жедел жәрдем станциясынан 10 негізгі және 2 қосымша бригада және Мұнайлы орталық аудандық ауруханасынан төртінші санатты шақыруларға қызмет көрсететін 5 бригада жіберілді. Онда мектеп оқушылары. және білім мекемесінің қызметкерлері уланған.
«Медициналық ұйымдарға қосымша Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары жіберілді. Балалардың денсаулық жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», – деп сендірді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!