Фото: Freepik.com
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында уланған оқушылардың саны 300-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір 222 бала үйде ем алып жатыр, 67 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
1-4 сынып оқушыларының мектап асханасында не жегені анықталып жатыр.
Шенеуніктердің мәлімдеуінше, мектепте мәзір күнделікті жаңарып отырады. Мектепке тамақ беретін компания әзірге белгісіз. Зерттеу нәтижелері үш-бес күнде дайын болады.
Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауына алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!