Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният адам көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес берді деп хабарлады turkystan.kz.

– Елде эпидемиологиялық жағдай қалыпты деңгейде. Сонда да адам көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз. Қазір Қытайда «омикронның» жаңа түрінің шығып жатқанын білесіздер. Еуропа елдерінде де жағдай ушығып бара жатыр. Сондықтан шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды, –  деді министр.

Оның айтуынша, өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қазір 2 304 адам індет жұқтырып, емделіп жатыр. 21 адамның жағдайы ауыр. Ал министр сөз еткен Қытайдың Шанхай қаласында локдаун жарияланды. Қалада вирус жұқтырғандар саны 13 мыңнан асты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!