Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдардың ПТР тестіден өту шығынын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ПТР тестіден өту Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржысы есебінен жүзеге асады. Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдарды біз тесттен өткіземіз жәнеоған кететін қаражат ӘМСҚ арқылы өтеледі. Сайлау өтетін жер адам көп жиналатын және дауыс беретін жер болғандықтан, бүкіл сайлау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді тегін өткізу туралы шешім қабылданды», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаулы қабылдағанын, Қаулы бойынша сайлаушыларға қандай талап қойылатынын айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!