Түркістан облысы Сарыағаш ауданында әйел өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 20 қаңтарда Сарыағаш аудандық ПБ-ға орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына барады. Анықталғандай, жәбірленуші аудан мектептерінің бірінде қызмет істейді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 1 бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!