Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы өзінің өзектілігін айқындады. Ел тағдырында басым салалардың дамуына көп көңіл бөлінді. Әсіресе, медицина қызметкерлерін қуантатын жағымда жаңалықтар көп болды деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы аудандық деңгейдегі 32 аурухана толықтай модернизациялаудан өтетінін хабарлады. Бұл ауыл халқына сапалы медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз. Жас мамандарға да қажетті жағдайлар жасалынып жатыр. Елімізде оқу орнын енді тәмамдаған түлектерді әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыруға баса назар аударылып келе жатыр. Бұл көп жылдардан бері жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламалардың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да жас мамандарға білімін жетілдіруге қолдау көрсетілмек. Яғни, резидентура гранты 70 пайызға артпақ. Бұл зор мүмкіндік деп сенемін.
Президент Жолдауы әрбір қазақстандыққа жүктелетін зор жауапкершілік. Алға қойған бағытымыздан таймай, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысуымыз керек.
Жанерке АСЫЛБЕКОВА
дәрігер-психиатр
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!