Тоқта, жас достым. Маған кішкене уақыт бөл.Мен саған есірткі жайлы айтып беремін. Айтқанымдай бұл аз уақытты алады, дегенмен үндеу мағынасы мен мақсаты сені адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған үлкен зауалдан қорғайды деген сенімім мол.
Адам өмірі мен денсаулығы- әрбір қоғамның байлығы әрі азырамас бөлігі. Дені сау қоғам одан әрі ұлтымыздың болашағына өзіндік үлес қосатыны анық. Ал, қазіргі таңда ертегімізге орасан зор қауіп төндіріп отырған есірткінің келтірер залалы да ұшан теңіз. Есірткі – бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Әлемде бұл заттың бірнеше түрлері кездеседі олар:апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды екені айтпаса анық, жастықтық буымен кейбіреулер бір рет пайдаланып көреді,кейін ғасыр дерті адамды өзіне тәуелді етіп қояды.
Есірткі өлім тамшысы. Есірткілік заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде созылмалы ауру нашақорлық пайда болады. Оның салдарынан тек ішкі мүшелер зақымданып қана қоймай, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Есірткі құрығына түскендер үшін қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контробандасы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан кәмелетке толмағандарды екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша іске асырылады.
Адамның ой-сезімдерінде өзгерістер тудыратын бұл зат-жас өмірді улаушы. Жалпыға ортақ тілде үндеудің өзегіне айналған есірткіні пайдалану құдды жұқпалы ауру секілді, алайда бұл аурумен өзі қалаған адам ауыра алады. Қоғамымыз бұл дерттің алдын алу үші қолдан келген бүкіл мүмкіндікті пайдаланып жатыр.Мемлекетіміз- демократиялық-құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы- адам және адам өмірі. « Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Ғаламда әрбір азамат үшін ең қымбат нәрсе- әркімнің өз өмірі. Ал, өмір жолын қалыптастыру өз қолыңда. Ғасыр дертімен күресуде әрбір қазақстандық өз үлесін қосу қажет. Міне, менде бұл үндеу арқылы бірнеше адамға ой салып, өзімнің азаматтық борышымды бір мәрте асқақтатқандаймын! ХХІ ғасыр дертіне, яғни есірткіге жол жоқ!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!