Үндеу


Құрметті жастар мен жасөспірімдер! Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылы №102 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дүзбай Нұрлыбек «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» атты үндеу жолдай отырып, зиянды заттардан аулақ болуға шақырамын.
Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Тыңда, соны достым
Есірткі деген рахат сезім емес
Өмірің құрдымға кетіп,
Болып жүрме елес.
Иә, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі ол жастар мен жасөспірімдердің есірткіге тәуелді болуы. Тәуелсіз Қазақстанда есірткіге тәуелділік белең алған кезең. Адам өмірінің өлшеулі кезеңдерін қысқартатын бірден – бір себеп – ол есірткі. Есірткі деген өте зиянды зат, адам денсаулығына зияны орасан зор. Зиянды әдеттерге жоламау керек, керісінше спортпен айналысып, зиянды заттарға құмар адам болса, онымен күресуге шақырамын.Есірткі – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде еліміздің болашағы үшін аянбай күресуіміз қажет.Бір рет көрейін,сосын тастармын деген ойды ойлаушы да болма! Дана халқымыз «Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда» демекші өмірімізді құртпай, өмірге бір-ақ рет келгенде саулығымызды тілеп, жастық шағыңды мәнді де, сәнді өткізуге тырыс! Зиянды заттарға әуес болу, ата-ананың тарапынан да болады.Себебі үйдегі келіспеушілік, ұрыс-керіс, жанжал баланың психикасына әсер етеді де, жаман жолға түсіп кетеді, жан рахатын іздейді. Сондықтан ата – аналар қандай жағдай болмасын балаға көңіл бөліп, дұрыс бағыт көрсету керек. Адам баласы тірісінде бағалай білмейтін екі құндылық бар.Оның бірі уақыт емшісі болса, екіншісі-денсаулық. Жас кезінде әртүрлі зиянды әдеттердің жетегінде жүріп, ауыр халге түскенде ғана емделудің жолын іздейді. Сондықтан дер кезінде ойланып, шешім қабылдау керек. Денсаулығымызды барынша дәріптеп, зиянды заттардан аулақ болып, ата – ана үмітін ақтап, Қазақстанымыздың болашағын жарқын қылайық. Болашақта қазақ елін әлемге паш етуге талап қылып, зиянды әдеттерден аянбай күресіп, тереңінен ойланып, саралап, барымызға қанағат етіп, Алланың рақымына бөленейік!
ХХІ ғасырда қоғам кеселді адамдардан емес, денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, ерекше тұлғалардан болуға шақырамын. «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп, Тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаев айтқандай, мүмкіндік болғанынша спортпен шұғылданып, денсаулығымызды күтіп, болашағымызды ойлайық, достар! Мен ойланып отырып, сіздерге есірткі туралы үндеу жасадым.Әр отбасы осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырса, балаларымыздың болашағы жарқын болады!

#есірткігеқарсы,                                                                                                #противнаркотиков

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!