Бүгін Парламент Мәжілісінде Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдарда жиі кездесетін ауруларды атады.
«Ауыл халқының денсаулығына келетін болсақ, көбінесе тыныс алу органдары ауруларынан зардап шегеді, яғни оның үлесі 42,7 пайыз. Екінші орында ас қорыту (9%), үшінші орыда несеп-жыныс жүйесі (6,3%), төртінші орында қан айналым жүйесі аурулары (5,4%) тұрса, одан кейін жазатайым оқиғалар мен алған жарақаттан болған аурулар (4,6%) және онкологиялық індет (1 пайыз) тұр», – деді А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, ауылдарда өлім-жітім көрсеткішінің құрылымында қанайналым жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктерден, тыныс алу ағзаларының ауруларынан және жарақаттардан болатын өлім қалаға қарағанда басым.
«Коронавирус инфекциясы пандемиясының жалпы халық денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне әсер еткенін атап өткен жөн», – деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!