Төтенше жағдай жариялауға елдегі ауыр санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және төсек-орын қорының 70%-тен астамының науқастарға толуы себеп болады
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой төтенше жағдай режимі қай кезде енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ заңға сәйкес, бұл режим мемлекет басшысының жарлығымен енгізіледі және мемлекеттік комиссияда қабылданады. Төтенше жағдай жариялауға негізгі критерий – елдегі ауыр санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және төсек-орын қорының 70%-тен астамының науқастарға толуы», – деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.
Яғни, оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіне ауыр салмақ түскен жағдайда қатаң шектеу шаралары үшін осындай шешім қабылданады.
Бұған дейін Алексей Цой қазақстандықтарға қашан масканы шешуге рұқсат берілуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!