Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қаражатының жұмсалуы және медициналық ұйымдардың жұмыс көрсеткіштері туралы ашық есептерді іске қосуды қарастырып отыр. Деректер қоғам үшін толық қолжетімді болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС порталында кейбір ақпараттың қазірдің өзінде қолжетімді екенін, бірақ аймақтар мен нақты мекемелер бойынша егжей-тегжейлі талдау одан әрі енгізуді қажет ететінін атап өтті.
-Кейбір деректер МӘМС сайттарында қазірдің өзінде бар, бірақ барлық медициналық ұйым бойынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүйе кеңейтуге дайындалып жатыр. Депутаттар ашықтық мәселесін көтеріп жатыр, біз де бұған мүдделіміз, – деп атап өтті ол.
Ведомство МӘМС жүйесімен жұмыс істейтін денсаулық сақтаудың мемлекеттік және жекеменшіктегі шамамен 2 мыңға жуық жеткізушісін бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру жоспары туралы жариялады. Барлық медициналық мекеме қаржы ағындары туралы деректерді, соның ішінде 1 С бағдарламасын автоматты түрде жіберу үшін қаржылық бағдарламаларды синхрондауға міндетті болады.
-Мақсат – сұр аймақтарды жою. МӘМС-тің барлық қаржылық ағыны нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу үшін қолжетімді болуы керек, қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен жұмыс тиімділігі бақылануы тиіс, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!