Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізгені белгілі. Осы жиында тұтынушыларға нашақорлыққа тәуелді ететініне қарамастан, дәріханадаларда еркін сатылатын препараттарды қатаң бақылауға алу мәселесві сөз болды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.
— Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ІІМ «дәріханалық» нашақорлық мәселесіне назар аударды. Қазіргі уақытта әсері күшті препараттарды сатуда толыққанды бақылау жүйесі жоқ. Бұл өз кезегінде есірткіге тәуелділікке және қылмысқа тартылуға әсер етеді, — делінген хабарламада.
Кешенді жоспар аясында Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды сатып-алуларды бақылау бойынша нормалар әзірлеуі тиіс.
Отырыс барысында ІІМ бұл жұмысты барынша қысқа мерзімде аяқтауды ұсынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстауда күшті әсері бар препараттарды рұқсатсыз сатқан дәріханашылар ұсталған болатын. Жедел-іздестіру шаралары барысында дәріханашылар мен тыйым салынған препараттарды сатып алған 3 тұрғын ұсталған еді. Дәріхана ішінен 150 дана АЛИС (Прегабалин) және 48 құты Тропикамид препараты табылып, тәркіленген. Бұл дәрілік заттар нашақорлар жиі қолданатын препараттарға жататынын анықталған болатын. Дәріхана қызметкерлері бұл дәрілердің рецептсіз, нашақорларға сату үшін дайындалғанын айтқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!