Бүгінгі күні Алматы және Жетісу облыстарында ағза трансплантациясын күту тізімінде 222 адам тіркелген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сламбек Мұқашев BAQ.KZ тілшісінің сауалхатына берген жауабында атап өтті.
Алматы және Жетісу облыстарында ағза трансплантациясын күту тізімінде 222 адам тіркелген, оның ішінде Алматы облысына 140 адам тиесілі. Науқастардың 86%-ы бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Биылғы жылдың қаңтар айында ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК мамандарымен өңірімізде алғаш рет донорлық операция сәтті жүзеге асырылды. Облыс бойынша ең жас донор болған тұрғынның жасы – 18-де, – деді Сламбек Мұқашев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!