«14 наурыз - Көрісу күніне» орай, облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы көпбейінді облыстық ауруханадағы науқас жандардың жағдайымен танысып, мерекемен құттықтады. 
Ол өз сөзінде «Сіздерді бүгінгі «14 наурыз — Көрісу күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 
Өздеріңізге белгілі, бұл күн қыс мезгілінен аман-есен шығып, адамзат баласының бір-бірімен қауышатын күні. 
Көрісу - жаңа жыл, жаңа өмір, жана күн. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Яғни халық көктемге аяқ басып, тұыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
Ендеше әулеттің көпті көрген үлкеніне амандық-саулық тілеп, ізеттілікті дəріптейтін, алыстағы туған-туыспен көрісіп, татулыққа бастайтын халқымыздың ежелден келе жатқан мерекесі əр шаңыраққа құт-береке əкелсін дегім келеді», -деді. 
Өз ретінде емделушілер қатары да Нұрымбет Аманұлына алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады. 
Одан соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жангелді Мырзагелдіұлы мен медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханұлы аурухана мұражайымен қатар кардиохирургия, эндоваскулярлы хирургия, хирургия №1 бөлімше жұмыстарымен таныстырды.
Кардиохирургия, эндоваскулярлы хирургия, хирургия №1 бөлімшелеріне келер болсақ, кардиохирургия бөлімі 20 төсек орынға арналса, оның ішінде жүрек тамыр хирургиясы 10 төсек орынға, қан тамыр хирургиясы 10 төсек орынға арналған. Қазіргі таңда 26 науқас ем алуда. 
Эндоваскулярлы хирургия бөлімінде екі ангиограф орнатылған. Жылына 3752-4266 ота жасалады. 
Хирургия №1 бөлімшесі 25 төсек орынға арналған, оның ішінде бет жақ хирургиясына 5 төсек орын бөлінген. Қазіргі таңда 19 науқас ем алуда.
Көпбейінді облыстық ауруханасында 525 тәуліктік төсек орын қызмет көрсетеді (170 хирургиялық, 105 кардиология, 45 инсульттік, 95 реабилитациялық, 110 терапиялық бейінді).  
Сонымен қатар, 115 төсек орындық күндізгі стационар жыл бойына халыққа медициналық көмек көрсетуде.   
2021 жылы 30 төсек орындық хирургиялық және терапиялық салаға арналған ақылы бөлім ашылды.  

Одан бөлек 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап «Короновирусты инфекция» індетін жұқтырған соматикалық патологиясы бар науқастарға арналған инфекциялық бөлімше қызмет атқарады.
2022 жылы аталған бөлімшенің төсек орын саны эпидахуалға байланысты 5 төсек орыннан 30 төсек орынға дейін өзгеріп отырды. Жылдың аяғында 5 төсек-орын қызмет атқарды.
Жалпы ауруханада 675 төсек орын бар.
Бұл аурухана өңірдегі үшінші деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін жалғыз ұйым.
Дәрігерлердің 80 пайыздан астамы мен орта медицина қызметкерлерінің 60 пайызының біліктілік санаттары, 74 қызметкердің денсаулық сақтау үздігі, 2 дәрігердің медицина ғылымдарының кандидаты атағы бар.
Аурухананың медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталуы 95,78 пайызды құрайды.
2022 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 19 534, күндізгі стационарда 5386 науқас емделді.
Жалпы хирургия, жүрекке ашық ота жасау, эндоваскулярлық кардиохирургия, қан тамырлары хирургиясы, офтальмологиялық хирургия, травматология және ортопедия, гинекология, урология, нейрохирургия, жақ-бет хирургиясы және оториноларингология салаларында барлығы 10 мыңнан аса ота жасалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!