Фото: Sputnik / Алексей Мальгавко
Sputnik. Өкпедегі қатерлі ісікті анықтау үшін барлық онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
«1-3 тамыз аралығында Қазақстанның мемлекеттік онкология орталықтары барлық ниет білдірушілерді өкпе обырының профилактикасына және ерте анықтауға арналған ашық есік күндеріне шақырады», – деп жазды ведомство.
Іс-шара жыл сайын 1 тамыз дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орайластырылған.
Бұл күні келушілер онкологтың білікті консультациясын тегін ала алады және көрсетілімдер болған жағдайда өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өте алады.
«Өкпе обыры – Қазақстандағы ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын шамамен 3500 жаңа жағдай анықталады. Бұл аурудың негізгі себебі темекі шегу, бұл барлық жағдайлардың шамамен 90%-ін құрайды», – дейді министрлік.
Қазақстандық онкологтар 45 пен 69 жас аралығындағы темекі шегушілерге жыл сайын өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өтуге кеңес береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!