Кеше облыста коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды. Бірінші кезекте аймақ басшысы, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, денсаулық сақтау басқармасының басшысы және медицина қызметкерлері салдырды.
Таңертеңнен бері екпені 70-тен астам адам қабылдады. – Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе ектірдім. Вакцина салдырғаннан бері жеті сағат өтті, кері әсер берген жоқ. Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын. Әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз, – деді облыстың бас дәрігері Сәбит Пазилов. Бүгінде өңірге «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Ал қалғаны кезең-кезеңімен әкелінетін болады. Екпе жұмыстарын жүргізуге №1, №3 және №6 қалалық емханадан 3 егу кабинеті дайындалды. 133 мейірбике және 89 дублер жұмысқа тартылды. – Вакцина ерікті түрде жүргізіледі. Екпені салдырмас бұрын адам толықтай дәрігердің қарауынан өтуі керек. Анамнезі жақсы болған жағдайда барып, қабылдай алады. Сондай-ақ, вакцинаны коронавирус инфекциясымен ауырған кісілер алты айдан кейін салдыра алады, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.Айта кетейік, облыс бойынша 14 егу кабинеті мен 46 жылжымалы егу бригадасы іске қосылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!