Коронавирусқа қатысты өңірлердегі жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шараларын күшейту ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында ҚР премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлердегі карантиндік шараларды қатаңдату керек екенін айтты.
«Коронавирус инфекциясы таралуының өсуі бүгінде барлық өңірде тіркеліп отыр. Сонықтан, жаңа Атырау облысының әкімі айтқандай, өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзге келісуге болмайды. Әсіресе, бұл Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына тікелей байланысты», – деді ол.
Тоғжанов өңірлердегі эпиедмиологиялық жағдайға қарай карантиндік шектеу шараларын күшейту қажет деп санайтындығын баса айтты.
«Біріншіден, «қызыл» аймаққа кірген өңірлер әкімдеріне денсаулық сақтау министрлігімен бірге қосымша карантиндік шараларды қатаңдатуды, екіншіден, «сары» аймақтағы өңірлер эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шектеулерді күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізуді және оған лайықты пысықтауды, үшіншіден, барлық өңірлер инфекцияны жұқтырған және олармен байланыста болған адамдарды оқшаулау шаралардың тиімділін арттыруды қолға алуы керек», – деді Ералы Тоғжанов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!