Скрининг – қауіпті факторларды және ауруды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы  тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. Бұл  шаралар емдеу тиімділігін  арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік  береді.

Скринингтің көлемі мына­ларды қамтиды: ан­тропо­ме­триялық өл­шем­дер (бойы, дене сал­мағы, белдің шең­бері); ар­териялық қысымды өл­шеу; нысаналы топтарға бай­ланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер өткізу.

Скринингтен өтуге мы­на топтар жатады: 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер мен ерлердің қанындағы холестерин мен глюкозаның деңгейін анық­тау; электро­кар­дио­графия – ай­ғақ­тары бо­йынша; кар­дио­логта, эн­до­кринологта, қаралу – ай­­ғақ­тары бо­йынша;

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы адамдардың көзішілік қысымын өлшеу;

Әйелдерге 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жаста патологиялық өзгерістерді болдырмау үшін жатыр мойнының сүр­тіндісін цитологиялық зерт­теу; аку­шер-гинеко­лог­қа, айғақтар бо­­йынша кольпоскопиялық қа­ралу;

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жаста сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография);  маммологқа, айғақтар бо­йынша онкологқа қаралу;

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70  жастағы ерлер мен әйелдер: жуан және тік ішек ауруын ерте анықтауда нәжісті жа­сы­рын қанға тестілеу;  хи­рургке, проктологқа, гас­тро­­энтерологқа қаралу; айғақтар бойынша – жуан және тік ішекті эндос­ко­пиялық зерттеу.

Әйелдер мен  ерлер ви­русты және вирусты емес этиологиялы бауыр цир­ро­зымен ауырғандар,  қанды альфа-фетопротеинге зерт­теу, бауырға ультра­дыбыстық зерттеу өткізу.

Бұл зерттеулер ерте сатыда жүрек-қан тамыр ауру­ларын, қант диабетін, глаукоманы, оның қауіпті фак­торларын, сондай-ақ дертпен күресу қиын бол­мағанда гепа­титті және аса қауіпті асқынуларды: инсульт, ин­фаркт, зағип­тық, цирроз және бауыр обырын анықтауға мүм­кіндік береді.

Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмек кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кіреді.

Скрининг Сіз тіркеуде тұрған медициналық ұйым­дарда өтеді. Өз денсау­лы­ғыңызға жауапты болыңыз!

Гүлназ ЖҰМАХМЕТОВА,

теміржол емханасының

аймақтық мейіргері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!