Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшесі Мағжан Ералиев Ақмешіт 2 мөлтек ауданынында өзінің жеке қаражаты есебінен жасөспірімдер мен балаларға арналған ойын алаңын сыйға тартты.
Балаларға ойын алаңын салу мәселесі, Мағжан Ералиевтің мөлтек қала тұрғындарымен кездесуінде, тұрғындар тарапынан ұсыныс айтылған болатын. Облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев тұрғындардың ұсынысын назарға ала отырып өз қаражатының есебінен құны 7 миллион 900 тг тұратын жаңа ашық аспан астындағы балаларға арналған ойын алаңын салдырды.
Ойын алаңы ресми қолданысқа 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында берілді. Ашылу салтанатында балаларға мерекелік ойыншықтар үлестірілді. Мөлтек аудан тұрғындары Мағжан Ералиевке алғыстарын білдірді.
Жас депутаттың игі істері мұнымен шектелмейді. Қызылорда қаласының Рисмаш мөлтек ауданы, Қ.Маханбетов көшесіне қарасты тұйық тұрғындарына жол мәселесі қиындық тудырып келді. Депутат тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, тұйықтағы жолға жеке қаражаты есебінен тас төсетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!