Бүгінде коронавируспен ауырып шыққан адамдар омикрон-штамды жұқтырып жатады. Тіпті, вакцинадан кейін ауырып қалатындар да бар. Sputnik радиосына сұхбат берген терапевт-дәрігер Алексей Водовозов жаңа штамға қарсы иммунитетті барынша күшейту жолын ұсынды.

«Коронавирустың бұрынғы штамдарымен ауырып шыққан адамда омикронға қарсы ешбір қорғаныс болмайды. Оған қарағанда вакцинаның екі дозасы жақсы қорғайды. Бірақ, өкінішке қарай, «Омикронға» қарсы ондай тәсілдердің тиімділігі төмен. Иә, вакциналардың «Дельтаға» қарсы күші жаман болған жоқ. Алайда жаңа штамнан айтарлықтай қорғай алмайды», – дейді Водовозов.

Дәрігердің айтуынша, гибридтік иммунитет «Омикроннан» жақсы корғайды. Коронавируспен ауырып шыққаннан кейін вакцина алған адамдарда сондай иммунитет қалыптасады.

«Гибридтік иммунитет «Омикронға» қарсы он есе күшті қорғаныс береді. Бұл – аурудан кейінгі және екпенің әсерімен болатын қорғаныстың комбинациясы. Сол себепбі тиімділігі де жоғары», – деп санайды дәрігер.
Оның ойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны міндетті түрде алу қажет. Адам ауырып қалса да, инфекция жеңіл өтеді.

«Вакциналар 100 процент қорғаныс бермейді. Оны бәріміз жақсы білеміз. Дегенмен жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылу, өлім жағдайлары және тағы басқа ауыр салдардан қорғайды», – дейді Водовозов.

massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!