Тиімді әрі арзан жолмен жас көрінгісі келетіндерге биологиялық жасты 10 жылға дейін жасарту үшін қымбат процедураларға жүгінудің қажеті жоқ. Ең бастысы – дұрыс тамақтану, деп хабарлайды Egemen.kz.
Daily Mail басылымының жазуынша, диетолог Фэй Джеймс бірінші кезекте тамақтану мәзірін алуан түрлі етуді ұсынады. Маман диетаға отырмай-ақ, пайдалы тағамдарды көбірек тұтыну арқылы зиянды өнімдерден бас тартуға болатынын айтады. Яғни, ас мәзіріне көкөніс пен көк шөпті, түрлі дәнді дақыл мен балықтың әр түрін қосқан жөн.
Сондай-ақ ол қандағы қант мөлшерінің күрт көтерілуін болдырмас үшін әрбір тамақтану кезінде ақуызға бай өнімдерді пайдалануға кеңес береді. Себебі тағам құрамында ақуыз, май, көмірсу мен талшық болса, ағзадағы глюкоза деңгейі бірқалыпты болады.
«Жас көріну үшін ағзадағы жасушаның қуат сөзі саналатын митохондрияның дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін тағамдарды тұтыну керек. Оған көк шөп, асқабақ дәні, майлы балық, жидектер, зәйтүн майы, көк шай, брокколи және өзге де қырыққабат тұқымдас көкөністер жатады», – дейді маман.
Диетологтың пікірінше, жалғыз қатаң шектеу – жартылай дайын өнімдерден толықтай бас тарту. Ол тіпті күнделікті тұтынатын нанды да өзі пісіретінін айтады.
Сонымен қатар жас көрінудің маңызды факторы ретінде тұрақты физикалық белсенділікті атап өту керек. Оның ішінде күш жаттығуларының болуы ерекше маңызды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!