АҚШ-тың беделді Хьюстон медициналық институтының онкологы Анаум Максуд El Español басылымына берген сұхбатында қауіпті тағамдарды атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігер Максудтың айтуынша, өңделген ет өнімдерін жиі тұтыну бірден сегіз түрлі қатерлі ісік ауруының даму қаупін айтарлықтай арттырады.
Негізгі қауіп — бұл өңделген етте болатын нитрозаминдер, олар өте күшті канцерогендер. Ғылыми зерттеулер олардың өкпе, ми, бауыр, бүйрек, қуық, асқазан, мұрын қуысы мен ішек ісіктерімен тікелей байланысын көрсетіп отыр, — деді маман.
Онколог шұжықтан толық бас тарту қатерлі ісік қаупін төмендетудің бір ғана жолы емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, клетчаткаға бай өнімдерді тұтыну, яғни табиғи тағамдық талшықтар асқазан-ішек жолдарының саулығына оң әсер етеді.
Оптималды тамақтану үлгісі ретінде Анаум Максуд Жерорта теңізі диетасын ұсынады. Ол негізінен көкөністерге, жемістерге, тұтас дәнді дақылдарға және пайдалы майларға негізделген.
Майо клиникасының онкологы доктор Амрит Сингх онкологияның тағы бір маңызды факторы — қимыл-қозғалыс тапшылығы екенін айтады:
Күнделікті физикалық белсенділікке жеткіліксіз көңіл бөлу — тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. Бұл қауіптен арылу үшін күніне кемінде 30 минут қозғалысқа уақыт бөлу қажет, — дейді маман.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!