26 наурыз күні Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 26 наурыз сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша онкологтарды тегін қабылдау жүргізеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда онкологиялық аурулар құрылымында колоректальды қатерлі ісік 3-орында (үлес салмағы 9,1%, 3 294 жаңа жағдай) тұр. Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктің 3 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Және осы сырқаттан 1500-ге жуық науқас қайтыс болады.

ДДҰ болжамы бойынша 2030 жылға қарай колоректальды қатерлі ісік ауруының жаңа жағдайларының 77%-ға және колоректальды қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандардың саны 80%-ға артуы мүмкін. Айта кетейік, 50-ден 70 жасқа дейінгі қазақстандықтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан емханалардан колоректальды қатерлі ісікке қарсы скринингтен өте алады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13: 00 Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 72. Анықтама үшін тел: 8 (7242) 23-52-81.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!