Kyzylorda-news.kz. Онкологиялық ауруы бар науқастарға вакцина салдыруға бола ма? Бұл сауалға «Онкология және радиология ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы Диляра Қайдарова жауап берді.«Қазір барлық онкологтар қауымдастығы онкологиялық ауру бар науқастарға вакцина салдыру мүмкіндігі туралы мәселені талқыға салуда. 2021 жылдың ақпан айында Америкалық онкологтар қауымдастығының мұндай науқастардың белгілі бір категориясына арналған вакцинациялау жөніндегі хаттамасы дайын болды. Мысалы, пациент ремиссия деңгейінде болса, онда олар толық диагностикалық тексеруден өткеннен кейін вакцина алуына болады. Бірақ, бұл әлі түйіні қойылмаған мәселе. Дегенмен, америкалық және уеропалық онкоқауымдастықтар онкологиялық ауру бар науқастарға өлі вирусы бар вакцина салуды ұсынып отыр. Сондықтан, біз осы стандарттарға сай келетін өзіміздің отандық вакцинаның қолданысқа берілуін күтіп отырмыз», – деді ол.
Baq.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!