Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында, Қызылорда облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда облысының білім басқармасымен бірлесе отырып есірткіге қарсы бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.
Мақсат – халықтың назарын салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне аудару, бос уақытты тиымды пайдалану және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен оқу орындарының студенттері қатысты.
Байқаудың бірінші кезеңін білім бөлімдері өткізді, үздіктері екінші турға жіберілді. Байқау финалына қатысу үшін 36 жұмыс келіп түсті.
Құрамына полиция қызметкерлері, «Қызылорда еріктілері» қорының, «Жастар спорттық туризмі және туристік көпсайыс» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері кірген сайыстық комиссия 12 жұмысты атап өтіп, оның 6-ы үздік деп таныды, олар: Абжапбарқызы Ақбота, Нұрлыбай Айбол (Шиелі ауданы N48 мектеп-лицей мен №49 орта мектеп), Сансызбай Баян (Арал ауданы N262 мектеп-гимназия), Расимова Сабина (Қармақшы ауданы N108 орта мектеп), Дастанова Зере (Сырдария ауданы N36 мектеп-лицей), Арыстанбаев Темірлан (Қызылорда қаласы N23 мектеп-лицей).
Сайыста жеңіске жеткен жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады және есірткіге қарсы іс-шараларды өткізу кезінде үгіт материалы ретінде пайдаланылады.

Оқушылар арасында нашақорлыққа қарсы байқау өтті

Оқушылар арасында нашақорлыққа қарсы байқау өтті
Оқушылар арасында нашақорлыққа қарсы байқау өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!