Ақтөбеде 1-сынып оқушыларына мантудың орнына басқа сынама еккен медбике өз еркімен жұмыстан кеткен. Сондай-ақ, балаларға екпе салуға рұқсат берген дәрігерде жұмыстан шығуға арыз жазыпты, деп хабарлайды Экспресс К

Ақтөбедегі 42 балаға салынатын сынаманы басқа екпемен шатастырған медбикежайлы денсаулық сақтау басқармасында хабарлады. Дерекке сүйенсек, балаларға екпе салдыруға рұқсат берген дәрігер мен сол сынаманы салған медбике жұмыстан кетуге өз еркімен арыз қалдырыпты. Дей тұрғанымен, олардың ісін тастауы жауапкершіліктен басын арашалауға көмектеспейді дейді, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Қазіргі таңда емхана басшылығына қатаң сөгіс жарияланды. Сараптама жұмыстары әлі де жалғасуда. Нәтижесі бойынша жауапты адамдарға шара қолданылады. Оқушылар тікелей денсаулық сақтау басқармасы мамандарының бақылауында,

— делінген денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында

Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Ақтөбедегі 1 сынып оқушыларына медбике манту салудың орнына туберкулезге қарсы БЦЖ екпесін еккенін жазған еді. Кейін 42 бала өңірдегі ең үздік мамандардың бақылауына алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!