Манчестерде Честер ауруханасының медбикесі Люси Летби неонаталдық бөлімде жеті нәрестені өлтірді және тағы он баланы өлтіруге әрекеттенді деген айыппен жауапқа тартылды. Ол жетілмей туылған нәрестелердің инкубаторларына барып, оттегіні азайту және тамырларына ауа жіберу арқылы сәбилерді өлтіруге тырысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап.

32 жастағы медбике өзіне тағылған 22 айыпты жоққа шығарады.

Прокурор Ник Джонсон медбикенің бұл жаңа туған нәрестелер бөлімінде жасаған қылмысы екенін айтты.

«2015 жылдың қаңтар айына дейін Честер госпиталінің неонаталдық бөлімшесінде нәресте өлімінің көрсеткіші осыған ұқсас басқа бөлімшелермен салыстырғанда тұрақты болған. Дегенмен, кейін бір жарым жыл ішінде нәресте өлімінің саны күрт өскен», – деді ол. 

Бұл өсімді аурухананың кеңесшілері байқаған. Сонымен қатар, олар есінен танып қалған балаларға дер кезінде көрсетілген реанимацияның әсер бермейтінін байқаған.

Сәбилердің кенеттен өлімінің артында біреудің тұрғанын сезіктенген аурухана басшылығы полицияны көмекке шақырып, олар жан-жақты тергеу жүргізген.

Инкубатор арқылы төртінші әрекетінде өлтірген

Сотта сөйлеген сөзінде Ник Джонсон мерзімінен бұрын туған қызды төртінші рет әрекеттінде өлтіру туралы атап өтті.

Сот құжаттарында қыздың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты болған. Алайда Джонсон айтқандай, соңында төртінші әрекетінде Люси Летби оны өлтірген.

Алғашында медбике инкубатор арқылы кішкентай қызға шамадан тыс ауа жіберген. Алайда әрекетінен кейін аурухана дабылы қағылған. 

Екіншісінде аурухананың өзге қызметкері оның қызбен бірге инкубаторы бар қараңғы бөлменің есігінде тұрғанын байқаған. Летби сабырлы түрде баланың неге екені белгісіз бозарып кеткенін айтқан. Кезекші медбике жарықты жағып, қыздың дем алмай жатқанын көріп, оны аман алып қалды.

Үшінші әрекетінде қыздың асқазаннан тағы да артық ауа жіберілген. Содан кейін қызды уақытша басқа ауруханаға ауыстырған. Онда жағдайы тұрақталып, кейін Честерге қайтып ауыстырылған.

Төртінші әрекеті кезінде Летби тағы да инкубатордың жанында болған. Сол күні таңертең қыз қайтыс болды.

Полиция қызметкерлерінен жауап алу кезінде медбике ата-аналарға мұндай ашық хаттарды жіберу әдетке жатпайтынымен келісті. Бірақ әдетте аурухана қызметкерлері пациенттердің туыстарымен таныс болмайды. Ал ол қыздың ата-анасын қайдан танитыны тағы да белгісіз.

Люси Летбидің әрекеті педиатр Рави Джараяманың күдігін тудырған

Доктор Джаярам 25 апталығында мерзімінен бұрын дүниеге келген «К сәбиді» дүниеге әкелуге көмектескен.

Джонсон алқабилерге дәрігердің сәбилердің түсініксіз және күтпеген өлімі немесе олардың денсаулығының кенеттен нашарлауы Летбидің қатысуымен жиі болатынын бұрын байқағанын айтты.

Дәл осы медбикеден күдіктенген дәрігер сол күні оның «Бала К» жатқан палатада кезекшілік атқаратынын білген бойда инкубаторға асыққан. Барған кезде медбикенің сәбидің жанында тұрғанын, ал монитор оның қанындағы оттегімен қанығу деңгейі қауіпті түрде төмендетілгенін көрсеткен. Тіпті оттегі деңгейі 80%-ға дейін түсіп кеткен. Әдетте оттегі 95%-дан төмен түссе қауіпті болып саналады.Теориялық тұрғыдан медициналық дабыл жұмыс істеуі керек болған. Алайда оны бір минуттай өшіруге болады.

Педиатр сәбидің кеудесі демалмай тұрмағанын көріп, Летбиден нақты не болғанын сұраған. Ол болса баланың жағдайы енді ғана нашарлай бастады деп жауап берген. 

Дәрігер тыныс алу түтігінің жылжып кеткенін байқаған. Белсенді қозғалаалмайтын нәресте оны өздігінен шығара алмайды. Оның үстіне сәби тыныштандыратын дәрілердің әсерінде болды.

Сол күні таңертең медбике Летби қайтадан “Baby K”-дың бесігінің жанында болған. Ол баланың тыныс алуына көмектесуге тырысқанын, бірақ тыныс алу түтігі оның тамағына тым терең сырғып кеткенін айтқан.

Бұл нәресте кейінірек басқа ауруханаға ауыстырылып, алайда жағдайы жақсармаған соң екі күннен кейін қайтыс болған. 

Facebook желісі арқылы ата-анасын іздестірген

Бұған дейін прокурор сотта тағы бір шала туған қыздың өміріне қастандықтар, екі түнгі ауысымда болғанын айтты. 

Қыздың денсаулығында күрделі проблемалар болған. Алайда оның жағдайы екі рет күрт және түсініксіз түрде нашарлаған.

Летбидің кезекшілігінде сәбидің жағдайы ауырлап, кейін басқа ауруханаға ауыстырылған соң тұрақтаған. 

Летби сәбиді өзге ауруханаға ауыстырған бойда Facebook желісі арқылы оның және тағы екі нәрестенің ата-анасын іздестірген.

Сондай-ақ сот тағы бір қызға қатысты істі қарады. Ол сәби де шала туылған. Бірақ ішекке жасалған операциядан кейін өзін жақсы сезінген.

Алайда, 2015 жылдың қарашасында, Летби кезекші болған түнде қыздың тыныс алуы қиындаған.

Ол жансақтау бөліміне жатқызылып, сағат 06:56-да талмасы ұстаған. Сағат 07:20-да  Летби балаға дәрі құйып жіберген. Бірнеше минуттан кейін сәби қайтадан есінен танып, дәрігерлер оны реанимациялауға мәжбүр болды.

Тәуелсіз медициналық сарапшы оның жағдайы тыныс алу жолдарының бітелуін, яғни тұншығуды көрсеткенін айтты. 

Егіздерге қастандық

Сот егіз ағайынды («Baby L» және «Baby M») туралы да айтты. Летби 2016 жылдың сәуірінде оларды өлтірмек болды деп айыпталған.

Осы уақытта аурухана оның түңгі ауысымдағы жұмысы күтпеген өлімдерге әкелетіндіктен оны тек күндізгі жұмысқа ауыстырған.

Летби егіздердің біріне тамырына ауа енгізіп, инсулин қосып, екіншісін де өлтірмек болған.

Екі жылдан кейін Люси Летбидің Честердегі үйін тінту кезінде оның қандай дәрі-дәрмекті және кімге бергені туралы медициналық жазбалар табылды.

Оның өзі бұл жазбалардың «кәдесый» екенін және балаларға саналы түрде зиян келтіргісі келгенін үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Бұл іске байланысты сот процессі жалғасуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!