Жаңа жыл қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі халықты қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаңа жыл қарсаңында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алуға шақырамын. Атап айтқанда халық көп жиналатын орындарға бармай, ұжымдық іс-шараларға, корпоративтерге бармау керек. Тоңып қалғаннан сақтанған жөн. Сонымен бірге өзіңізді және туыстарыңызды қауіпке ұшыратпас үшін заманға сай құттықтау үшін қашықтан байланысуға мүмкіндік беретін құрылғыларды пайдалану керек», – деді деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, министрліктің өкілі бұл күнді туған-туыстардың ортасында қарсы алуға шақырды.
«Құрметті қазақстандықтар! Пандемия әлі біткен жоқ. Әрбіріміз қазіргі жағдайда үлкен жауапкершілікті сезіне білуіміз керек. Алдағы мереке күндері эпидемиологиялық ахуалдың ушықтырмауы тиіс», – деді ол. Аян Бекенұлы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!