Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, қатаң карантин енгізу шаралары өңір «қызыл» аймаққа кірген кезде ғана енгізіледі. 

Қатаң шараларды, шектеулерді біз қандай да бір өңір немесе жалпы республика «қызыл» аймаққа кірген кезде енгіземіз. «Қызыл» аймақты екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезеңде маска тағу міндеттеледі, -деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр маска тағу әзірге ұсыныс деңгейінде ғана, ешкімге міндеттелмейді. 

Қазір республиканың «жасыл» аймақта екенін ескерсек, халық пандемияның екі жылдан астам уақытқа жалғасып келе жатқанын жақсы біліп отыр. Біз адамдар көп шоғырланған жерде маска тағуға кеңес береміз. Денсаулық сақтау министрлігі халықты індет жұқтырудан қорғану үшін профилактикалық шараларды сақтауға шақырады. Қазір эпидахуал жеңіл өтуде, халықтың 94%-ы амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. Сол үшін нұсқаулық қана береміз. Ал халықтың жалпы денсаулығына қауіп төнсе немесе ауыр жағдайлар мен өлім-жітім көбейіп кетсе, шараларды қайта қарастыратынымыз анық, – деді Ажар Ғиният. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!