Ақмола облысының қайтыс болған тұрғыны донор атанып, бес адамның өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Университеттің медициналық орталығының (UMC) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 шілдеде елордадағы UMC клиникаларында органдарды трансплантациялау үшін кезекте тұрған үш науқасқа орган трансплантациялау операциясы сәтті жасалды.
Миы өлді деп жарияланған 44 жастағы әйел донор болды. Қиын жағдайда қалған оның отбасы мүшелері донор болуына келісім беріп, бес адамның өмір сүруіне мүмкіндік берді.
Емхананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауында сауықтыру шараларынан өтіп жатыр.
«Сонымен қатар, Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында науқастарға екінші донорлық бүйрек пен бауыр трансплантацияланды, егер ми өлімі расталса,операция тек қана донордың жақын туыстарының шешімімен жасалады», – деді баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!