Көпбейінді қалалық ауруханаға 434,4 млн.теңгенің компьютерлік томография және рентген аппараты алынып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету жұмысы жандана түсті, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Одан бөлек, өткен жылы ауруханаға 1 санитарлық автокөлік берiлген болатын.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков iске қосылған компьютерлік томография, флюорография аппараттарын көрді.

Аурухананың бас дәрігерi Нұриддин Амитов жұмыс тиімділігін, пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін арттырудағы жұмыстарды атап өтті.

Сондай-ақ, медициналық қызметтерді одан әрі жетілдірудің нақты қадамы жоспарланды.

Айта кетейік, көпбейінді калалық ауруханадағы компьютерлік томография аппаратының тозығы жетіп, өткен жылы iстен шыққан. Бұл науқастарға қиындық тудырды.

Жаңадан іске қосылған аппараттар ауруды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді, науқастардың медициналық қызметке қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!