Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) өз қатарындағы үздіктерді марапаттау дәстүрін жалғастыруда. Осыған байланысты, әрбір ұлттық федерация өзінің негізгі мамандарын бокстың дамуына, нығаюына қосқан үлесі мен жетістіктеріне қарай таңдап, сараптайды.
Мәселен, ҚБФ пікірі бойынша Қазақстандағы ең үздік бапкер Қайрат Сатжанов болды. Оның жастар құрамасындағы жұмысы барысында жоғары спорттық нәтижелер, жақсы бокс тәжірибесін енгізу және т.б. көрсетілді.
Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев үздік боксшы атанды. Ұлттық құраманың капитаны өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады және рингтегі нәтижелерден басқа қоғамдық жұмыстарға да қатысады.
Әйелдер арасында үздік боксшы атағына команда көшбасшысы Алуа Балқыбекова лайық деп танылды. Ол биылғы жылы ең жеңіл салмақта Дубай-2021 Азия чемпионатын жеңіп алды.
Жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионы Санжар Ташкенбай да AIBA сертификатына ие болды. Осындай марапат оның құрамадағы әріптесі Милана Аюповада да бар. Биыл ол құрлықтық жастар арасындағы біріншілікте жеңімпаз атанды.
Және де, Ермек Сүйеніш Қазақстанның үздік төрешісі болып танылды. Біздің маман Токиодағы Олимпиада ойындарында жоғары деңгейде жұмыс істегені белгілі.
Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. Оны Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков жүргізді. Іс-шараның өзі бүкіл әлемдегі халықаралық бокс күніне орайластырылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!