Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайы туралы мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балалар медициналық мекемеге 31 шілде күні тамақтан улану белгілерімен түскен. Облыстық клиникалық аурухананың нейробокс бөлімшесінде көрсетілген көмек пен емдеудің арқасында балалардың кейбірі емханадан шығарылады. Дәрігерлер олардың жағдайының жақсарғанын атап өтті. 

«Стационарлық емдеудегі, оның ішінде жансақтау бөлімшесіндегі балалардың жағдайы тұрақты. Нашарлау болған жоқ. 31 шілде күні нейробокс бөлімшесіне түскен екі пациентті шығару жоспарлануда», – делінген Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Емханадан шыққаннан кейін балалар мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қайта оралады. Ол жерде олардың жағдайын қала емханаларынан іссапарға жіберілген дәрігерлер бақылайды. Орталықта кезекшілік ұйымдастырылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамызда ауруханадан тағы екі бала шығарылды. Қазір ауруханада 9 бала жатыр. 6 бала әлі де жансақтау бөлімінде және 3 бала палатада ем қабылдауда. 

Естеріңізге сала кетейік, жаппай улану салдарынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан 14 бала зардап шекті. Бір 13 жасар бала көз жұмды. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі уланудың тамақтан емес екенін, себептері анықталып жатқанын хабарлаған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!