Фото: видеодан скрин
Оқыс оқиға Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы, Республика даңғылында орналасқан 17 қабатты тұрғын үйде орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмхананың сорғыш жүйесінен түтін шығып, ұшқын атқылаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында подъездіден 31 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, – деп жазылған хабарламада.
ТЖМ төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!